КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда түнде толассыз жауған қар қаланы ақ ұлпаға көмкеріп тастады. Таңертең қар еріп, үлкен шалшық сулар пайда бола бастады. Қаланың орталық көшелерінде көлік кептелістер орын алуда. Осының салдарынан тұрғындардың жүріп-тұруы мен көлік қатынасы қиындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Синоптиктер алдағы күндері ауа райы жылынатынын айтуда. Қазіргі кезде Көкшетауда ауа температурасы -1 градусты көрсетіп тұр.
Еске салайық, 19 қазан күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болып, көп жерлерде жауын жауатыны ескертілген еді. Сондай-ақ жекелеген аумақтарда жел күшейіп, тұман, көктайғақ болады.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.