«Оқиға бүгін Көкшетау қаласының көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Ересектердің қарауынсыз қалған 4 жасар бала пәтер ішінде қамалып қалды.
Құтқарушылар үш тізелі баспалдақтың көмегімен екінші қабаттағы пәтердің терезесіне кіріп, баланы ата-анасына аман-есен берді», — деп мәлімдеді ТЖД-дан.
Бала зардап шеккен жоқ, медициналық көмекке мұқтаж емес.
ТЖМ мамандары балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.