КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының «Агрофаки» көңілділер мен тапқырлар клубы КТК халықаралық одағы солтүстік лигасының ширек финалында 1-ші орын иеленді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Ханты-Мансийск қаласында өткен КТК ойынына Ресейдің Нижневартовск қаласынан «Неваляшка», Салым қаласынан «Балаганчик», Новосібір қаласынан «Я обиделась» және көкшетаулық «Агрофаки» командалары қатысып, бақ сынады.
Жерлестеріміз 4 ойын байқауының қорытындысы бойынша 17,7 ұпаймен 1-ші орын алып, жартылай финалдық ойынға берілетін жолдаманы ұтып алды.
Халықарлық КТК одағы солтүстік лигасының редакторлары жоғары лиганың чемпиондары «Камызяки» КТК командасының мүшелері Ренат Мухамбаев, Денис Дорохов, Вячеслав Макаров.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.