Көкшетаулық «Арлан» қарағандылық «Бүркіт» командасын ойсырата ұтты

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден ҚР Чемпионатының екінші кезеңінің бірінші ойынында көкшетаулық «Арлан» хоккей командасы өз алаңында қарағандылық «Бүркіт» командасын қабылдап, қарсыластарын 4:0 есебімен ойсырата жеңді.

«Бурабай» спорт сарайында өткен кездесудің алғашқы екі кезеңінде көкшетаулықтар қарсыластарына дес бермеді. Осы ойында соғылған 4 шайбаны қарсыластар қақпасына тоғытқан Владимир Маркелов матчтың қаһарманы атанды.

Еске сала кетсек, өткен жылы «Арлан» хоккей командасы шайбалы хоккейден ҚР Чемпионатының бірінші кезеңінің соңғы екі ойынында жеңіске жеткен болатын.