Көкшетаулық автоәуесқойлар ерекше флешмоб өткізді

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Қазақстандық автоәуесқойлар «Жаңажылдық сағаттар» атты флешмоб ұйымдастырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Мұндай шараны қазір әр елдің жастары ұйымдастырып жүр. Флешмобтың шарты бойынша жиналған автомобильдер бір шеңбердің бойына тұрып сағат немесе шырша бейнесін келтіруі керек. Жоғарыдан түсірілетін дрон-камераның көмегімен машиналардың жарығы арқылы түрлі қозғалыс бейнелері жасалады.

Былтыр мұндай қызықты  флешмобты павлодарлықтар түсірсе, биыл ол дәстүрге талдықорғандықтар мен атбасарлықтар да қосылыпты.

Желіге жүктелген «Атбасардағы жаңажылдық сағат» видеосы қазір қызу талқыланып, оған қолданушылар түрлі пікірлер жазуда.