Іс-шараға партия комитетінің белсенділері мен әншілер қатысты. Үміткер Жамбыл Ахметбековты қолдау мақсатында ұйымдастырылған шара шеңберінде әртістер үміткердің баннерінің жанында кеңес кезінде танымал болған әндерді орындады.
Басқосу барысында облыстық сайлауалды штабтың жетекшісі, ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің бірінші хатшысы Б.Мажитов сөз сөйлеп, жиналғандарға үміткердің сайлауалды тұғырнамасын таныстырды.
Сөз арасында ол ҚКХП кедейшілікпен күрес және отандық тауарға деген сұранысты арттыру сынды бастамаларды алға жылжыта беретінін жеткізді.