Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше 2000-2001 жылдары туған жасөспірімдер арасында өткен бокс турниріне барлығы 200 былғары қолғап шебері қатысқан.
Оның ішінде №3 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінің шәкірттері 49 келі салмақ бойынша Әлихан Мінайдаров, 52 салмақ бойынша Ғалым Мырзатаев, 60 келі салмақ бойынша Ерқанат Арыстанғали және 75 келі салмақ бойынша Адам Яндиев бірінші орын алды. Оған қоса, Арлан Құдайберген, Шыңғыс Мусинов және Ерназ Рахметуллин де жақсы өнер көрсетіп, жүлделі үшінші орынға тұрақтады.