Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметі бойынша жарысқа Астана, Алматы, Талдықорған, Семей, Қарағанды, Павлодар, Теміртау, Көкшетау қаларынан барған 250 астам спортшы қатысты.
Тартысты өткен турнирде Ақмола облысының намысын қорғаған облыстық «Шинкиокушинкай каратэ федерациясы» өңірлік қоғамдық ұйымның «САРДАР» клубының жаттықтырушылары Алмас және Аязби Алшынбаевтардың шәкірттері Ансар Жетпісбай, Ернұр Сырымбет және Кирилл Крапивко бірінші, Андрей Заборник және Станислав Кауфман екінші, Асанәлі Әлібеков, Елдар Бектіміров және Данияр Кішкенов үшінші орыннан көрінді.