КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаулық кәсіпкер коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлерге гүл сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Осындай қиын шақта біздің, елдің амандығы үшін түн ұйқысын төрт бөліп, отбасынан жырақта жүріп, демалыссыз, жанқиярлықпен күресіп жүрген жандарға шынайы алғысымды білдіремін. Дәрігерлер қандай сыйлыққа болсын лайық», - дейді кәсіпкер.
Бүгінде Ақмола облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансері жұқпалы аурулар бөлімшесінде 26 адам еңбек етеді, оның 22-і әйел. Осында емделіп жатқандардың 8-і нәзік жандар. Оларға да гүл берілді.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.