Аталмыш білім ордасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Мәскеу қаласында өткен халықаралық байқауға Ресейдің əр өңірі мен Қазақстаннан жиналған 100-ге жуық талантты оқушы қатысып, бақ сынады.
Қазақ халқының ұлттық киімін киіп шыққан 10 жасар көкшетаулық қыз Снежана Ператинская орындаушылар арасында вокалдық шеберлігімен қазыларды тəнті етіп, «World Russian Beauty Moskow Region 2018» сұлулық, сəн жəне таланттардың халықаралық фестивалі мен «Лучший талант России 2018» байқауының бас жүлдесін жеңіп алды.
Байқау қорытындысы бойынша, Снежанаға Вьетнам елінде өтетін фестивальдің дүниежүзілік кезеңіне бару үшін 1 мың доллар сомасына сертификат тапсырылды.