КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаулық «Оқжетпес» қыздар баскетбол клубы әйелдер арасында өткен «Балтық лигасы» халықаралық турнирінде қола жүлдеге қол жеткізді.
Литваның Мариамполь қаласында өткен байрақты бәсекеде жерлестеріміз қола медаль үшін тартыста одессалық «Интерхим» командасынан 84:77 есебімен басым түсіп, жүлделі үшінші орын алды.
Сонымен қатар, көкшетаулық шабуылшы Алина Ягупова еуропалық рейтингіде ең үздік ойыншы атанды.
Еске сала кетейік, жақында көкшетаулық «Оқжетпес» қыздар баскетбол клубы елорданың «Тигр» командасын үш ойын қорытындысы бойынша ұтып, ұлттық лиганың чемпионы атанған болатын.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.