«Жаңа дәуірдегі бәсекеге қабілеттілік және мәдениеттің қабілеттілігі. «Заманауи Қазақстан мәдениеті» жобасы аясында осы жылдың наурыз айында «Көкшетау» ұлттық би ансамблі Сауд Арабиясында халықаралық фестивальге қатысып келсе, «Гәкку» би ансамблі Біріккен Араб Әмірлігінде өткен халықаралық фестивальге қатысты. Гран-при атағын алған «Полянка» би ансамблі биыл Финляндия және Швеция елдеріне гастрольдік сапарға аттанады», - деді өңір әкімі.
Оның айтуынша, «Көкшетау» халықтық би ансамблі Индонезияда өтетін әлемдік мәдениет форумына қатысады.
«2018 жылы «Көкшетау» Мәдениет үйінің ұжымы ЮНЕСКО-ның шақыруы бойынша Италия, Австрия, Марокко, Түркия елдеріне сапар шегеді. Біз сонымен қатар, өз жерлестеріміздің әдеби шығармаларын әлемдік мәдени кеңістікке шығаруға тырысамыз. Мысалы, белгілі жазушы, драматург Сәкен Жүнісовтің шығармаларын ағылшын тіліне аудару жұмысы басталды», - деп атап өтті Мәлік Мырзалин.