Көкшетаулық пəтерде заңсыз құмар ойындар клубын ұйымдастырған

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда заңсыз ұйымдастырылған құмар ойындар клубы әшкерленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің дерегі бойынша, құмар ойындар клубы тұрғын үй пәтерінде ұйымдастырылған. Заңсыз бизнес ұйымдастырушыларды ұстау шарасы барысында құмар ойынға қатысушыларымен бірге клуб əкімшісі жəне менеджері қолға түсті

«Пəтерден 10 дана компьютер, кассалық аппарат жəне құжаттар тәркіленді. Алдын ала мәліметтер бойынша келушілерге компьютер арқылы құмар ойындар ұсынылған.

Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 307 бабының 1 бөлігі бойынша (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) сотталды тергеу амалдары жүргізілуде.

Аталған санкция бойынша 2 мыңға дейін АЕК көлемінде айыппұл немесе мүлкін тәркілей отырып, 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.