Көкшетаулық пікірсайыс клубы республикалық байқауда бірінші орын алды

None
КӨКШЕТАУ. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/-Көкшетаудың «Рожденные побеждать» пікірсайысшылар клубы орыс тілділер тобында «Үш жүрек кубогы» республикалық байқауында бірінші орынды еншіледі,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының баспаөз қызметіне сілтеме жасап.

Гумилев атындағы Ұлттық университеттің заң факультеті негізінде өткізілген пікірсайысшылар турниріне еліміздің ірі он қаласынан 46 команда қатысып, бақтарын сынаған болатын. Мұндағы «Үш жүректің» мәнісі -пікірсайысшылар мектеп оқушылары жобасында сайысқа түскен көрінеді. Яғни, турнир талабына сай әр командада үш үміткер сынға түсіп, әлемнің үш көсбасшысын анықтауы, қарапайым халыққа қарай үш қадам жасауы, өтемге үш теңге бөлу сынды шарттар белгіленген. Сайыс қазақ және орыс тілділер арасында жеке өткізілген. Қазылар алқасының ұйғарымымен жерлестеріміздің «Үш басты арыстан» командасы қазақ тілділер арасында екінші орыннан көрінген. Жекелей сайыскерлер арасында Елдос Абақанов пен Ердәулет Байдоллаев, төрешілерден Майя Салықбаева үздіктер қатарында болды. Сайыс қорытындысында жүлдегерлер арнайы сый-сияпаттармен марапатталып, қошемет көрсетілді.