Көкшетаулық пікірталасшылар республикалық турнирде жеңімпаз атанды
Облыстық жастар мәселесі жөніндегі басқарманың мәліметі бойынша «Бұл палата, қазақстандық шенеуніктер отандық өнімді сатып алуы керек деп есептейді» тақырыбымен өткен финалдық ойында 38 команданың арасында көкшетаулық «МЫ как Харви, только дебатеры» командасы «иә» деген тұжырымды пікірмен турнир төрешілеріне қазақстандық шенеуніктердің отандық өнімді сатып алу керектігін сендірді.
«Әділет пен Ерқанатты мен көптен білемін. Бұл екеуі талантты, білімді, келешегінен үміт күттіретін жастар. Дайындықтары жоғары деңгейде болған олар қарсыластырын айқын басымдықпен жеңді» - деді турнирдің бас сарапшысы Дастан Қалиев.
Еске сала кетейік, пікірталас турнирі Қостанай қаласында өткен болатын. Оған еліміздің әр өңірінен 50 команда қатысты.
«Біз жеңіске жеткенімізге өте қуаныштымыз. Бізге қолдау білдіргендерге алғысым шексіз», - деді Әділет Сембі өз сөзінде.