КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Облыс орталығында ұйымдастырылып жатқан Наурыз мейрамы барысында жиналған жұртты біреулер өлеңімен, енді біреулері құрт-көжесі, әсем киіз үйлерімен баурап жатса, Біржан сал атындағы Көкшетау өнер колледжінің студенттері қазақтың ұлттық биі "Қара жорғаны" нақышына келтіріп билеп, жұртты тәнті етуде.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.