Қыздар арасында спорттық жүрістен Ақлмола облысынан келген Кристина Добаринаға тең келетін спортшы болмады. Ол 2003-2004 жылы туған спортшылар арасында 3000 метр қашықтыққа жүруден ең үздік нәтиже көрсетіп, ел чемпионы атанды.
Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, спортшы №1 облыстық мамандандырылған балалар - жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінің тәрбиеленушісі. Ол жеңіл атлетика бойынша жаттықтырушы Анатолий Крахмалевтің шәкірті. Жаттықтырушысының сөзінше, бұл Кристинаның осы маусымдағы екінші жеңісі болып отыр. Бұған дейін ел біріншілігінде 300-ден аса спортшыдан оқ бойы озып, жеңіс тұғырынан көрінген еді.