Ведомствоның мәліметінше, 24 сәуірде Көкшетау қалалық полиция басқармасына облыс орталығының тұрғыны хабарласып, «Бармашино» шағын ауданындағы аллея маңында, ескі зират аумағында пакет табылғанын, онда болжам бойынша адамның сүйектері және бас сүйегінің сынықтары барын айтқан. Тұрғындар пакетті зират аумағын тазарту кезінде тауып алған.
«Шақырту орнына жедел-тергеу тобы барды. Тексеру кезінде сүйек қалдықтары табылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, соның қорытындысы бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады», - деді ҚазАқпарат тілшісінің сауалына ведомствоның баспасөз қызметінен.
Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында суға батқан балықшының денесі табылғанын жазған едік.