Көкшетаулықтар өртенген автобустың жолаушыларын құтқарып қалды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда отқа оранған автобустың жолаушыларын көшедегі жұрт құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін сағат 10:11-де Сүлейменов көшесінде «Hyundai» маркалы №18 маршруттық автобус өртенген. Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Ерлан Рахат оқиға орнында алғашқылардың бірі болып, жолаушыларды жанып жатқан автобустан эвакуациялауға көмектесті.

«№ 9 автобуста отырғанмын. Терезеден алдымызда келе жатқан №8 автобустан қою түтін шыққанын көрдім. Кенет автобус тоқтай қалды. Соған жүгіріп барсам дөңгелек өртене бастапты. Қолда өрт сөндіретін құрал болмаған соң есікке беттедім. Әуелі егде жастағыларды шығара бастадық. Іште шамамен 15-20 адам бар екен. Бәрін де аман алып шықтық» - дейді Ерлан Рахат.

«Өрт сағат 10.17-де ауыздықталып, 10.20-да толық өшірілді. Ешкім оқыс оқиғадан зардап шекпеді. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр», -делінген баспасөз қызметі таратқан мәліметте.


Авторы Оксана Матасова