Инстаграм əлеуметтік желісінде тараған видеоға қарағанда, болашақ өрт сөндірушілерді даярлайтын еліміздегі жалғыз оқу орны Көкшетау техникалық институтының бір топ курсанты мен арнайы өрт сөндіру техникасы қаз-қатар тізіліп, Жаңа жылдық шыршаның бейнесін құрастырды.
«Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Жаңа 2019 жылмен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге жəне еліміздің гүлденуіне толғай табыстар тілейміз!», - дейді курсанттар құттықтау сөзінде.
Бұл аталмыш білім ордасы курсанттарының желі қолданушыларын таңдандырған алғашқы құттықтауы емес. Жақында 16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесінде де бір топ курсант қаз-қатар тізіліп, «16» санын, ал, өрт сөндіру құралдарынан «Jeltoqsan!» сөзін құрастырған болатын.