«Көктал-2» кешенінің үлескерлеріне құрылысты аяқтау мүмкіндігі туды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Көктал-2» тұрғын-үй кешенінің алданған үлескерлері ұзақ күткен құрылысты аяқтап, өз пәтерлеріне кіру мүмкіндігі туды, деп хабарлайды Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Астана қаласы Алматы аудандық сотының 21 маусымдағы шешімімен «Жаңа Көктал» ТҮҚК-нің 200-ден аса үлескерлердің құқығын қорғайтын қала прокурорының талап арызы қанағаттандырылды.

Жосықсыз құрылыс салушы «Төленді» ТҮҚК және А.С.Байжұмановтан («Төленді» ТҰҚК-нің төрағасы және жер телімінің меншік иесі) 1млрд 655 млн теңге өндіріліп, дайындығы 85-90% аяқталмаған «Көктал 2» тұрғын-үй кешені жер телімімен қоса жаңа құрылған «Жаңа Көктал» ТҮҚК-на берілді.

Сот шешімі дереу орындауға жолданды.

Аталған сот шешімін алғаннан кейін «Жаңа Көктал» ТҮҚК аталған тұрғын-үй кешенін әділет органдарында тіркеу шаралары басталады.

Қазіргі уақытта тұрғын-үй құрылыс кооперативінде құрылысты өз мүмкіндіктерімен аяқтауға немесе инвесторларды көмекке шақыру құқығы бар.