Көктайғақ, бұрқасын, тұман - бейсенбі күнгі ауа райы болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет 5 қаңтар күні болатын ауа райына болжамды жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан аумағыАтлантикалық циклон мен атмосфералық фронттардың ықпалында болады, сондықтан еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста – қар, шығыста-қатты қар жауады. Еліміз бойынша желдің күшеюі, еліміздің басым бөлігінде көктайғақ, бұрқасын, тұман күтіледі.