Қазақстан аумағының басым бөлігіне әлі де Моңғол антициклоны әсер ететін болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек қиыр батыста және елдің оңтүстігіндегі таулы аймақтарда атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен аздаған қар, батыста көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыста, оңтүстікте, орталықта жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысында, Түркістан, Жамбыл облыстарының таулы аудандарында тұман күтіледі.
01:15, 16 Желтоқсан 2022
Көктайғақ, қар, тұман - жұма күнгі ауа райы болжамы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет 16 желтоқсан күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.