ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында көктайғақ салдарынан автобус бағдаршам бағанасына барып соғылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қалалық полиция басқармасының мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы бүгін таңертең Чехов пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында болған. №3 бағыттағы автобус бұрылған кезде бағдаршам бағанасына соғылған.
«Зардап шеккен ешкім жоқ. Қозғалыс кезінде ауа райы жағдайын ескермеген қоғамдық көлік жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.