ШҚО мамандандырылған медициналық орталықтың мәліметіне сүйенсек, соңғы күндері Өскеменде көктайғақ салдарынан зардап шеккендер саны күрт артқан.
«6 желтоқсан күні 40 адам, 7 желтоқсанда 36 адам тайғанақтан құлап, жарақат алды. Сондай-ақ Семей қаласында кеше дәл осындай себеппен 40 адам медициналық мекемелерге жүгінді. Оның ішінде 15 бала бар. Осы ретте, тұрғындарға көктайғақтан құлап, қол-аяғы ауырған жағдайда міндетті түрде дәрігерге қаралу қажеттігін ескертеміз», - делінген ақпаратта.
Естеріңізге сала кетсек, кеше ШҚО-да көктайғаққа байланысты бірқатар жол жабылғаны хабарланған.