ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, соңғы күндері тұрғындар арасында көктайғақ салдарынан жарақат алып, қол-аяғы көгеріп, сынғандар саны күрт көбейген. Облыс ауруханаларына күніне жүздеген адам жүгінуде.
«Кеше Өскемендегі медициналық мекемелерге 150 адам келсе, Семейде де жүзден асып отыр. Ал бүгін таңертеңнен бері 20-ға жуық азамат көктайғақтан зардап шеккен. Жұртшылыққа тайғанап құлап, қандай да бір жарақат алған жағдайда бірден дәрігерлерге қаралу керектігін ескертеміз», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Естеріңізге сала кетсек, 25 қарашада Шығыс Қазақстанда көктайғаққа байланысты 2-ауысымдағы оқушылар онлайн оқыған болатын.