«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, тек батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Қар жауып, боран соғады. Оңтүстіктің таулы жерлерінде қалың қар жауады.
Синоптиктердің болжамына сүйенсек, республика бойынша тұман түсіп, екпінді жел соғады, оңтүстік-шығыста көктайғақ болады.