Атлантикалық циклон жырасының және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен ҚР шығыс жартысында тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын күтіледі. Елдің оңтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар жауады, батыс жартысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
ҚР бойынша көктайғақ болады, тұман түседі және жаяу бұрқасын соғады.