Кәсіпорын таратқан еректерге қарағанда, қарашада атлантикалық циклон жырасы және атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстан Республикасының басым бөлігінде күн құбылмалы болады. Осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста жел күшейеді. Тек, еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында ғана күн ашық болады, Қазақстан бойынша тұман түседі.
06:00, 11 Қараша 2022
Көктайғақ, жаяу бұрқасын: 11 қарашада күн райы қандай болады
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы қарашаның 11-не жасалған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.