«ҚазАвтоЖол« ҰК» АҚ мен «Казахавтодор» ЖШС Алматы облыстық филиалы жол жабылғаны туралы мәлімет таратты.
Ақпаратқа сенсек, 10 ақпан күні сағат 20:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Алматы-Шелек-Қорғас» автожолының Арман елді мекенінен Алтыкөл елді мекеніне дейінгі аралығында (25-320 шақырымы) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабылады.
«Азаматтардан осы бағытқа жол жүрмеуін сұраймыз» делінген Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.