ОРАЛ. ҚазАқпарат - Көктайғаққа байланысты Атырау-Орал тас жолы жабылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, аталған күре жол сағат 00.30-дан бастап жабылған. Қашан ашылатыны белгісіз.
Айта кетейік, бұған дейін ТЖ департаменті БҚО-да ауа райының өзгеретіні жөнінде ескерту жариялаған болатын. Яғни 5-6 наурыз күндері өңірде күндіз ауа температурасы 7 градусқа дейін жылынып, жауын-шашын да молынан түседі. Қар күрт еріп, су көбейеді.
Фото: nashchelyabinsk.ru
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).