Ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр, көктайғақ) Өскемен- -Зыряновск-Қатонқарағай-Рахманов қайнарлары жолының Ушаново елді мекенінен Зыряновск қаласына дейінгі учаскесі жабық.
10 наурыз күнгі кешкі 23:20-дан бастап көліктің барлық түріне қозғалыс тоқтатылды.
Аталған автожолдың Северное ауылынан Серебрянск қаласындағы бұрылысқа дейін 2017 жылдың қарашасынан бері тіркемесі бар жүк көліктеріне жол жабық.
Сондай-ақ қысқы маусымда жол қозғалысын қауіпсіз ету мақсатында Осиновский асуында да шектеу енгізілген.