Көктайғаққа байланысты «Нұр-Сұлтан - Павлодар» тасжолы жабылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты «Нұр-Сұлтан - Павлодар» тасжолы жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Smart Astan Bot телеграм-ботының мәліметінше, 29 ақпан түнгі сағат 22:30-дан бастап жолдағы көктайғаққа байланысты «Нұр-Сұлтан - Павлодар» тасжолы жабылған. Яғни Нұр-Сұлтан қаласынан бастап Павлодар облысының шекарасына дейін автокөліктің барлық түрінің қозғалысына тыйым салынған.

Айта кетейік, бұған дейін еліміздің төрт облысындағы 4 жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлаған болатынбыз.