Көктайғаққа байланысты Нұр-Сұлтан- Шучинск күре жолының учаскесі жабылды
23:31, 19 Қазан 2019
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Көктайғаққа байланысты Нұр-Сұлтан- Петропавл күре жолының учаскесі жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақавтожол» РМК сайтына сілтеме жасап.
«Көктайғаққа байланысты сағат 22:30-да Нұр-Сұлтан - Петропавл күре жолының учаскесі (18-230 км, Нұр-Сұлтан қаласы – Щучинск қаласы) көліктің барлық түрі үшін жабылды», делінген хабарламада.