Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, Алматы облыстық көп салалы ауруханасына 8 адам түскен. Оның ішінде жетеуі жолаушы, біреуі автобус жүргізушісі.
Дәрігерлер барлық адамдардың денсаулығын тексеріп шықты.
«Түскен адамдарды барлық мамандар қарап шықты. Олардың ешқайсысына ауруханаға жатуға негіз болған жоқ. Барлығы жеңіл жарақаттанған, олар амбулаториялық ем қабылдауға үйлеріне жіберілді», - деді басқармадан.
Еске сала кетейік, Алматыда Тәтібеков көшесінде ірі жол апаты болғандығы туралы хабарлаған едік.
Полиция болған оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр.