Көктебелде жекеменшік ұшақ апатқа ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырымдағы Көктебелде шағын жеке меншік ұшақ апатқа ұшырап, 4 адам көз жұмды.

«Сесна» ұшағы Көктебел түбіндегі алаңнан ұшқан. Ұшу кезінде оқыс жағдай туындап, әуе көлігі күрт төмендей бастаған. Салдарынан ұшақ жерге құлаған. Оның бортында болған 4 адам көз жұмды. Алдын ала мәліметтер бойынша ұшқыш сәйкес қызметтерге әуеге көтерілетіні жайлы ескертпеген. Сол себепті ұшақтың бағыты мен ондағы адамдардың аты-жөндерін анықтау әзірге мүмкін болмай отыр, деп хабарлайды Интерфакс