Бұл туралы astana.kz сайтына «Қазгидромет» РМК-дан мәлім етті.
Елордада синоптиктердің мәліметі бойынша, наурыз айы барынша салқын болады. Оған басты себеп солтүстік-батыс антициклонының енуі. Ауа температурасы түнде 18 - 23 градус аяз, күндіз -7-ден -12 градусқа дейін төмендейді.
Алайда, бірінші онкүндіктің аяғында оңтүстік Каспийден соққан циклон ауа температурасында айтарлықтай жылылық туғызады. Осы кезде қар жауып, боран тұрып, көктайғақ болуы мүмкін. Термометр бағаны түнде -5-10 градус, күндіз -2 - 3 градус аралығында құбылады.
«Екінші онкүндік аязпен басталып, үшінші онкүндіктің аяғына дейін сақталады. Көктем наурыз айының аяғында ғана өз күшіне енеді», - деп хабарлайды гидрометорталығының қызметкерлері.