Елордада синоптиктердің мәліметі бойынша, наурыз айы барынша салқын болады. Оған басты себеп солтүстік-батыс антициклонының енуі. Ауа температурасы түнде 18 - 23 градус аяз, күндіз -7-ден -12 градусқа дейін төмендейді.
Алайда, бірінші онкүндіктің аяғында оңтүстік каспийден соққан циклон ауа температурасында айтарлықтай салқындық туғызады. Осы кезде қар жауып, боран тұрып, көктайғақ болуы мүмкін. Термометр бағаны түнде 5-10 градус күндіз -2 - 3 градус аралығында құбылады.
«Екінші онкүндіктің басы аязпен басталып, үшінші онкүндіктің аяғына дейін сақталады. Көктем наурыз айының аяғында ғана өз күшіне енеді», - деп хабарлайды гидрометорталықтың қызметкерлері.