Көктем мерекесіне орай Қытайда жолаушылар саны 10,5%-ға артады

Фото: Xinhua

АСТАНА. KAZINFORM — Қытайда ай күнтізбесі бойынша дәстүрлі қытай Жаңа жылы — Көктем мерекесіне орай тоғыз күндік демалыстың алғашқы күнінде өңіраралық жолаушылар тасымалы 285 миллион сапардан асады деп күтілуде, деп хабарлайды Xinhua.

Қытай Халық Республикасының Көлік министрлігі жолаушылар ағыны өткен жылмен салыстырғанда 10,5%-ға өседі деп болжап отыр. Тасымалдардың негізгі бөлігі автомобиль көлігіне тиесілі болады: бұл көрсеткіш 10,8%-ға өсіп, 268,75 млн жолаушы.

Теміржол және авиация салаларында да оң динамика күтіледі — тиісінше 4,3% және 6,4% өсім болжанып отыр. Ал су көлігі сегментінде жылдық есепте ең жоғары өсім — 28,1% болады.

Биыл Көктем мерекесі 17 ақпанға сәйкес келеді. Ресми демалыс тоғыз күнге созылады. Алайда қытайлық Жаңа жылға байланысты ел ішіндегі жаппай көші-қон маусымы 2 ақпанда басталып, 13 наурызға дейін жалғасады.

Бұған дейін Қазақстан Қытай Жаңа жылы қарсаңында Қытайға арнайы пойыз жібергені хабарланған болатын. 

Айта кетелік бүгін Қытайда жер сілкінген еді