Оның сөзіне қарағанда, тіркеу рәсімдерін әзірліп жатқан жұмыс тобы құрылды. Мамырдың аяғына дейін ережелер даярланып, ең қолжетімді түрде азаматтарға түсіндіріледі. Екіншіден, ведомство басшысы тұрғылықты жері бойынша тіркеу тәжірибесін ескеріп, осы ретте бұл бағыттағы рәсімдер барынша жеңіл болатынын және адамдардың кезекке тұру іс-қимылдарына жол бермейтінін атап өтті.
Сонымен қатар Д. Абаев, бұл бағытта IMEI-кодтар базасын құруда халықаралық оңтайлы тәжірибе ескерілетінін жеткізді. Атап айтқанда, Ұлыбритания, Түркия, Әзербайжан, сондай-ақ өзге де елдердің озық тәжірибесі назарға алынбақ.
Министрдің айтуынша, аталған жүйені іске қосу арқылы телефон ұрлығы айтарлықтай азаяды деп күтілуде. Мәселен, жәбір көруші полицияға шағымданғаннан кейін, ұрланған телефон бірден бұғатталады. Іс жүзінде телефон ұрлығы еш пайдасыз әрекет болып қалады.
«ІІМ деректеріне сүйенсек, бүгінде елімізде жыл сайын 60 мыңға тарта телефон ұрлығы жасалады, ал құрылғыларды қайтару 5 пайыздан кемдеу көрсеткішті құрайды. Сонымен қатар телефон ұрлығының зардабын көп жағдайларда біздің балалар тартып жатады. Енді балалардың қылмыскерлердің әрекетінен қауіпсіз ету үшін қажетті тетік енгізіледі»,-деді Д. Абаев.