Көктемгі егіс науқанына ауыл шаруашылығы техникасы толық даяр болады - ҚР АШМ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көктемгі егіс науқанына ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы 90 пайыз деңгейінде. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігінің сауалына ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінен хабарлады.

«Ауыл шаруашылығы техникасын даярлау шаралары жоспарлы тәртіпте жүріп жатыр. 2016 жылғы наурыз айының басындағы жағдай бойынша көктемгі егіс науқынын сәтті өткізу үшін қажет тракторлардың, жер өңдейтін жабдықтардың, тұқым сепкіштердің және басқа да техникалардың даярлығы 90 пайызды құрады»,-делінген министрлік мәліметінде.

Атап айтқанда, бүгінде еліміздегі фермерлерде 141,5 мың трактор, 87,3 мың тұқым сепкіш, 297 мың жер өңдейтін құралдар, 1,8 мың тұқым дәрілейтін техника бар.