Бұл жайында бүгін өзінің Твиттерінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.
«Мемлекеттік комиссияда көктемгі егіс жұмыстарына ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін 360 мың тонна жанар-жағармайды жеңілдікті бағамен (1 тоннасына 86,7 мың теңге) жеткізу шешімі жасалды», -делінген онда.
Айта кетейік, Қазақстанда көктемгі егіс және күзгі егін орағы жұмыстарына арналып жыл сайын ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін жағармай дәстүрлі түрде жеңілдікті бағамен жеткізіледі.