Бұл туралы бүгін Үкіметтегі селекторлық кеңес барысында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.
«Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін 360 мың тонна жеңілдікті жағармай бөлінді. Оның құны нарықтық бағаға қарағанда 10-12 пайызға төмен болады»,-деді министр.
А. Мамытбековтің сөзінше, ауыл шаруашылығы мен мұнай және газ министрліктері бірлесе дизель отынын жеткізу бойынша кестені қарастырды. Осындай кесте өткен жылы да іске асырылған еді.
«Биыл бұл жұмыстар жақсы деңгейде іске асырылуда. Бүгінде осы айға жоспарланған 91 мың тонна жағармайдың 13 наурыздағы жағдайы бойынша 32 мың тоннасының құны төменді. Ал, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге 14,8 мың тоннасы жеткізілді»,-деп атап өтті ведомство басшысы.