Көктемгі егістік жұмыстарына дизель отыны 10-15 пайызға төмен бағамен сатылады

АСТАНА. 21 ақпан. ҚазАқпарат - Биыл көктемгі егістік жұмыстарына шамамен 360 мың тонна дизель отыны қажет болады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүслім Өмірияев мәлім етті.

Оның айтуынша, ел экономикасын модернизациялау мәселелері бойынша өткен Мемлекеттік комиссияның отырысында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне дизель отынын жеңілдетілген бағамен жеткізу ұсынысы мақұлданды. «2012 жылы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін дизель отынының 1 тоннасы 86 700 теңге, яғни литрын 72 теңгеге сату ұсынылды. Бұл шара дизель отынын 10-15 пайызға төмен бағамен сатып алуға мүмкіндік бермек», - дейді М.Өмірияев.