Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүслім Өмірияев мәлім етті.
Оның хабарлауынша, ауыл шаруашылығы өнім өндірушілері үшін дизель отынының бағасы 81 теңге (1 литрі) көлемінде анықталып отыр. «Демек, мұнай өңдеу зауытында бір тонна жанар-жағар майдың бағасы 86,4 мың теңге болмақ. Бұл өткен жылдың күзгі кезеңімен бірдей», - дейді М.Өмірияев.
Қазіргі кезде министрлік жергілікті әкімдіктермен бірлесе отырып, көктемгі егістік жұмыстарына қажетті жанар-жағар майды тасымалдау және сату кестесін бекітті. Оның жалпы көлемі - 360 тонна.