Кешеден бері Қарағанды қаласының танымал пабликтерінде көше бойларын су басып жатқаны туралы бейнероликтер жарияланып жатыр. Тұрғындарды дүрліктірген бейнекөріністен, еріген қар суы көше жолдарын басып, аулаларға кіріп жатқанын көруге болады.
Пәтер иелерімен Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек кездесті. Өңір басшысы ешкімді қиын жағдайда қалдырмайтынын атты.
«Ешкім далада қалмайды. Тиісті ұйымдар тексеру жүргізеді. Барлық қажетті шаралар қабылданады», - деді Жеңіс Қасымбек.
Қазіргі уақытта тұйықталу қаупінің алдын алу мақсатында электр қуаты сөндірілген.
Су басқан үйлерде 36 пәтер бар. Тұрғындардың көпшілігі туыстарына кетті. 23 адам қонақ үйлерге орналастырылды.
Осыған дейін Қарағанды облысындағы ХҚКО-да «жеңілдікті терезелер» жұмыс істейтіні хабарланды.