Семейде облыс әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасы бойынша, су тасқынына қарсы бірқатар іс-шаралар өткізілді. Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов көктемгі су тасқынына қатысты жағдай күнделікті бақылауда екенін айтты. Бүгінгі күні Ертіс жағалауын бекіту жұмыстарына қаражат бөлініп, 3 километрден асатын жер үйінділер төселген.
Сонымен қатар, қалада бар 17 гидротехникалық құрылысқа жауапты тұлғалар белгіленіп, қалалық су бұру арналары бақылауға алынды. 5 елді мекенде орталықтандырылған хабарландыру жүргізілді. Яғни, кез-келген уақытта тұрғындар дауыс зорайтқыш байланысы арқылы орын алуы мүмкін жағдай туралы айтты.