КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Целиноград ауданындағы Оразақ ауылында жүргізіліп жатқан құрылыс алаңынан өрт шықты, деп хабарлады аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен.
«Өрт қыркүйектің 3-і күні сағат 11:34 шамасында орын алған. Осының салдарынан «АрхСтрой-Система КазЭкоПан» ЖШС-нің аумағы 100 шаршы метр құрылыс жүйесіне зиян келген. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД 22-ӨБ жеке құрамынан 4 адам және 1 өрт сөндіру техникасы тартылды. Қазіргі кездеөрттің себебі және келтірілген шығын көлемі анықталуда», - деп көрсетілген хабарламада.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.