Көктемнің алғашқы аптасында елордада дүниеге 114 қыз келді
14:27, 07 Наурыз 2013
АСТАНА. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Наурыздың алғашқы аптасында (1-нен 6-сына дейін) Астанада 246 сәби дүниеге келді,
деп хабарлады astana.kz сайтына Астана қаласының Әділет департаментінен.
Наурыздың алғашқы 6 күнінде қыз баладан гөрі ұлдар көбірек туылып отыр. «Наурыздың бірі мен алтысына дейін Астана перзентханаларында 246 нәресте дүниеге келген. Атап айтсақ: Сарыарқа ауданында - 87, Алматы ауданында - 119, Есіл ауданында - 40 сәби дүние есігін ашқан», - деді astana.kz сайтына ведомстводан.
Сонымен қатар, 246 жаңа туған сәбидің 114-і - қыз, 132-сі - ұл.
«Алматы ауданында - 64 ұл, 55 қыз, Сарыарқа ауданында - 46 ұл және 41 қыз, ал Есіл ауданында 22 ұл және 18 қыз ата-анасының көз қуанышы болған» - дейді ведомство қызметкерлері.
Бұған дейін хабарланғанындай, 2012 жылы елордада 21 266 дүниеге келді.