Көктемнің бірінші күні қай қалаларда ауа сапасы нашарлайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 1 наурыз күні Қазақстанның екі қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластануы ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Нұр-Сұлтан және Өскемен қалаларында жайсыз метеожағдай қалыптасады. Қазақстанның басқа қалаларында метеожағдай қолайлы болады деп күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.